Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт дүркін олимпиада чемпионы Клаудия Пехштайн 53 жасында мансабын аяқтады

Конькимен жүгіруден төрт дүркін олимпиада чемпионы, неміс спортшысы Клаудия Пехштайн 53 жасында мансабын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Global Look Press

Клаудия Пехштайн – әйгілі неміс конькиші, 1972 жылы 22 ақпанда Шығыс Берлинде (ГДР) дүниеге келген.

Пехштайн сегіз қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан алғашқы әйел. Ол қатарынан төрт Олимпиадада (1994, 1998, 2002, 2006) алтын медаль жеңіп алды. 50 жасында Бейжің Олимпиадасына қатысып, қысқы ойындар тарихындағы ең егде спортшы ретінде рекорд орнатты.

Өз мансабында Пехштайн 2000 жылы классикалық көпсайыстан әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ жеке қашықтықтарда бес дүркін әлем чемпионы болды.

Алайда, 2009 жылы оның қанында қалыптан тыс өзгерістер анықталып, ол екі жылға жарыстардан шеттетілді. Пехштайн допинг қолданғанын жоққа шығарып, өзінің беделі үшін күресті, бірақ бұл дисквалификация оның мансабына өз әсерін тигізді.

Талқылау