Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Торт дауы: Сот блогер Аселинаның кондитердің ар-намысына нұқсан келтірген-келтірмегенін анықтау үшін сарапшыны тартпақ

Нұршат АқбергеноваФото: Нұршат Ақбергенованың желідегі парақшасынан

Астана сотында торт дауына қатысты істің сот анықтамасы жарияланды. Кондитер блогерден төленбеген торт ақысын және әлеуметтік желідегі беделін түсіретін сөздер үшін өтемақы талап етіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Істі қараған судьяның айтуынша, "торт ісі" бойынша сараптама жүргізу үшін филолог-маман тартылады.

"Іске филолог-маман, сот сарапшысын тартып, келесі сұрақтарға жауап алу қажет деп шешілді. Instagram желісіндегі “Аселина” деген аккаунттың Stories бөлімінде жарияланған “өйткені ондай адамдар қарапайым халықтың атын жамылып, ақша бопсалайды”, сондай-ақ “мына Нұршат халыққа өзін құрбан етіп көрсетпек болған алаяқ” деген жазбаларда арызданушы Нұршат Ақбергенованың (кондитердің) ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер бар ма?", – деп оқыды судья.

Сонымен қатар сарапшыдан осы жарияланымдардың мазмұны кондитер туралы теріс пікір қалыптастыра ала ма деген сұраққа да жауап беру талап етілді.

Судьяның мәліметінше, "торт ісі" бойынша келесі сот отырысының күні бір аптада белгілі болады.


Аселина Батырдың адвокаты торттың құны 150 мың теңге екенін айтты


Блогерге 600 мың теңгеге торт жасаған кондитер одан 3 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті


Еске салайық, қыркүйек айының соңында кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырға қарсы тортқа төленбеген ақы жөніндегі талап арызы бойынша алдын ала тыңдау өткен еді. Кондитердің өкілі сотта, егер блогер 500 мың теңге көлеміндегі қарызын өтеп, БАҚ арқылы ресми түрде кешірім сұраса, талап-арызды қайтарып алуға дайын екенін айтқан.
Ал екінші талап-арыз ар-намыс пен абыройды қорғау туралы. Бұл талап бойынша кондитер 3 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 17:54
Талқылау