Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауыр және ұят": Блогер Аселина торт дауына байланысты желідегі қудалау үшін сотқа жүгінді

600 мың теңгелік торт ісі жалғасны таптыФото: threads.com/@akbergenova__nurshat

Астанада 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, тортты алған соң ақысын төлеуден бас тартқан блогер мен кондитер арасындағы дау жалғасын тапты. 2026 жылғы 6 қаңтарда тараптар қайтадан Астана қаласының азаматтық істер бойынша ауданаралық сотында кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Аселина Батыр сотқа абырой мен кәсіби беделді қорғау, кибербуллингті тоқтату, моральдық зиянды өтеу, сондай-ақ авторлық құқықтар мен жеке деректерді қорғау бойынша талаппен жүгінген.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс барысында тараптар арасында нақты келісімшарттық қатынастар болғаны анықталды. Кондитер мерекелік шараға торт жасап берген, ал блогер өнімді белгіленген мақсатта пайдаланды. Бұл факт сотта талқыланбады. Алайда торттың нақты құны алдын ала келісілмегендіктен, осындай дау туындап отыр.

Соттың жаңа отырысына әлеуметтік желіде жарияланған видео, жазбалар себеп болған. Тараптар арасындағы қақтығыстан кейін желіде жағдайға арналған видеоматериалдар тарай бастады. Бұл видеолар үшінші тұлғалар тарапынан жасалған, ал блогер тек осы материалдарды репост жасаған.

“Соттық тергеу барысында видеоматериалдарды үшінші тұлғалар жасағаны анықталды. Жауапкер көрсетілген материалдардың авторы емес”, – деді сотта.

Тараған жазбаларға абыройға нұқсан келтіретін сипатқа ие болуы мәселесі қаралды. Алайда талапкердің қалауы бойынша, лингвистикалық немесе басқа сот сараптамасын жүргізілмейтін болды.

“Сараптамалық қорытынды жоқ болған жағдайда, сот тараған ақпараттың нұқсан келтіретін сипатын, оның құқықтық табиғатын анықтау мүмкіндігінен айырылады”, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сот авторлық құқықты бұзу және жеке деректерді пайдалану мүмкіндігіне қатысты талаптарды да бағалады. Бұл дәлелдер расталмады. Атап айтқанда, сот дау туғызған белгілер бір-біріне шатастыру дәрежесіне дейін ұқсамайтынын және жеке деректерді бұзу фактісі дәлелденбегенін айтты.

Сот талапты қанағаттандыруға негіз жоқ деп шешіп, сұралған талаптарды қанағаттандырудан бас тартты. Алайда шешім әлі заңды күшіне енген жоқ және шағымдануға болады.

Мән-жайы

2025 жылы әлеуметтік желілерде “торт дауы” болған оқиға блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасындағы азаматтық сот ісіне ұласты. Даудың өзегі – Астанада Аселина Батырға туған күніне арнайы дайындалған құны 600 мың теңге болатын торттың ақысы толық төленбегені. Сондай-ақ кейін блогердің әлеуметтік желідегі жазбалары кондитердің іскерлік беделіне нұқсан келтірді деген талап болды. Бұл жағдай желіде жылдам таралып, қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Сот процесі Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында бірнеше айға созылды. Тыңдаулар барысында торттың нақты құны, тапсырыс беру шарттары, тараптар арасындағы хат алмасулар жан-жақты зерттелді. Сондай-ақ сот филолог-сарапшыны тартып, әлеуметтік желілерде жарияланған жазбалардың мазмұны, олардың ар-намыс пен іскерлік беделге нұқсан келтірген-келтірмегенін бағалады.

2025 жылғы 29 қазанда сот шешімі жарияланды. Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, Аселина Батырды торттың төленбеген бөлігі ретінде 200 мың теңге, сондай-ақ 100 мың теңге көлемінде моральдық зиян өтеуге міндеттеді. Сонымен қатар сот әлеуметтік желілерде жарияланған кейбір мәлімдемелерді шындыққа сәйкес келмейді деп танып, оларды ресми түрде теріске шығару қажет деген шешім шығарды.

Бұл іс қоғамда екіұдай пікір тудырды. Бір тарап блогер көрсетілген қызмет үшін толық ақы төлеуге тиіс деп есептеп, сот шешімін әділ деп бағалады. Екінші тарап бұл жағдайды инфлюенсерлердің жауапкершілігі, блогерлік этика және әлеуметтік желідегі ықпалдың шегі туралы кеңірек мәселе ретінде қарастырды.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 15:05