Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт бірдей қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді

Төрт бірдей қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің үздік ондығына ендіФото:Stan.kz collage

Қазақстан теннисі үшін тарихи жетістік тіркелді. Алғаш рет бір уақытта төрт бірдей отандық спортшы әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті хабарлайды.

Олар ересектер арасындағы жекелей, жұптық және жасөспірімдер санаттары бойынша.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде әйелдер арасында үшінші орынға жайғасқан.

Ол 2026 жылдың басында өткен Australian Open турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, бесінші орыннан үшінші орынға жоғарылады.

Ерлер арасында Александр Бублик жыл басында Гонконгта өткен ATP 250 Hong Kong турнирінде жеңіске жетіп, осы табысының арқасында әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді.

Жұптық сында да айтарлықтай жетістік бар. Қазақстандық Анна Данилина WTA-ның жұптық рейтингінде алтыншы орынға көтерілді. Аннна Дохада өткен Qatar Open турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Бұл нәтиже спортшының рейтингте айтарлықтай өсуіне және көшбасшылар арасындағы орнын нығайтуына мүмкіндік берді. 

Аталған жетістік қазақстандық теннисшілердің жұптық сында да жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын дәлелдеді.

Ал жас теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінің алғашқы ондығына енді.

Бұл қазақстандық жасөспірімдер теннисі үшін маңызды жетістік. Әлемнің үздік 10 жасөспірімінің қатарына кіру жас спортшыға кәсіби деңгейде дамуға және ересектер турына өтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Осылайша, Елена Рыбакина, Александр Бублик, Анна Данилина және Заңғар Нұрланұлы өз санаттарында әлемдік рейтингтің үздік ондығына еніп, ел спорты тарихында жаңа белесті бағындырды.

Осы нәтижелер қазақстандық теннисшілердің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын және дайындық жүйесінің нақты жемісін беріп жатқанын көрсетеді.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 18:49