Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт баламның жанынан табылды": Жұлдыз Әбдікәрімованың анасына арналған жазбасы көпшілікті жылатты

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі анасының туған күнімен құттықтады. 

"Бала кезімнен бұл күнді тек менің Анамның күні деп қабылдайтынмын, кейін өсе келе Анашымның дәл осы күнге әбден лайықты жан екенін білдім. Бекзададай дархан көңілі бар, кіршіксіз таза пейілі бар, ақ ниетті жүрегі бар, айналасына мейірімін шуақтай шаша білетін нұрлы жүзі бар, өте сабырлы АНА – ол менің анашым, Бекзада", – деп жазды актриса.


  • "Атасы мен әжесі қайда?": Қайрат Нұртас қызының мектеп бітіру кешіне барды

  • "Екі жылдан бері алысып келемін": Жұлдыз Әбдікәрімова күрделі ем алып жүргенін көрсетті


Одан кейін осы күнге дейін уайымға салғаны үшін кешірім де сұрады. 

"Әр сынағыма, жіберген қатеме өзіңіз куәсіз, сол үшін алдыңызда ұяттымын… Десе де, ешкімнің сөзіне де, көзіне де, сынына да қарамастан дер кезінде, үнсіз ғана менің және төрт баламның жанынан табыла білдіңіз. Мама, қолдағаныңыз үшін, сол тығырықтан шығуға санама сәуле, кеудеме сенім бергеніңіз үшін мың мәрте рақмет айтамын, мен алдыңызда мәңгі қарыздармын. Мәңгі бас иемін! Ендігі кезек қайырлы қуанышта! Сіздің жаңа жасыңызбен тұспа-тұс келген жақсы жаңалықтар бекер емес деп білемін. Сіздің дұғаңызбен тілеуіңіз қабыл болды! Ендігі кезең тек жақсылықтың легі болғай. Сіздей анамның барына сансыз шүкір! Мен сізбен мақтанамын, мен сізбен марқаямын", – деп толықтырды ол.

Еске салайық, "Жұлдыз бөлек контент, мен бөлек контентпін" деп Қайрат Нұртас әйелімен бірге Дубайдан сәлем жолдаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 16:19
Талқылау