Төрт адам зардап шекті: Қазақстанның екі облысында 3 мың гектар аумақты алапат жалын шарпыды
Қарағанды мен Павлодар облыстарының шекарасында 3 мың гектарды құрайтын өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Қоянды ауылының маңында ірі дала өрті орын алып, 40 гектардай құрғақ шөпті шарпыған. Өртті сөндіру кезінде төрт адам зардап шекті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің екі қызметкері мен бір ерікті күйік алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін тағы бір жергілікті тұрғын "Қазавиаспас" АҚ тікұшағымен Қарағанды ауруханасына жеткізілді. Ол да жеңіл күйік алды.
Күндізгі уақытта өрт Павлодар облысының аумағына өтіп, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекарасына дейін жеткен. Өртті сөндіруге "Қазавиаспас" тікұшақтары жіберіліп, Шалқаркөлден су тартылып жатыр.
"Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша жалпы көлемі 18 тонна су 6 жерден жіберілді. Сондай-ақ әуедегі ұшу кезінде Желтау ауылының тұрғындарын ертерек эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның сегізі балалар", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығына штаб орналастырылды. Өрт орнында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов жүр. Қарағанды облысының әкімі де кетті. Құтқарушылар тобы кеңейтілді.
Оқиға орнына Қарағанды және Павлодар облыстарынан Төтенше жағдайлар департаментінің, Жергілікті инспекцияның, Табиғи ресурстар министрлігінің күштері, 183 адам, 56 техника және төрт тікұшақ жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала аумағы 3 мың гектардан астам аумақты құрады. Өртті сөндіруді қатты жел, таулы жер және өртке кіретін жолдардың болмауы қиындатып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Баянауыл ауданында өрт шыққан еді. Алапат жалынның видеосын желіде өңір тұрғындары бөліскен.