"Торпедо" ойыншылары Шымкентте түн тыныштығынан айырылды – матч алдындағы психологиялық қысым болуы мүмкін

UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны алдында Грузияның "Торпедо" командасы орналасқан Шымкенттегі қонақүй маңында түнгі уақытта фейерверк атылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 17 шілдеге қараған түні тіркелген. Белгісіз біреулер "Торпедо" командасы тоқтаған қонақүй маңында екі мәрте – түнгі 02:00 мен 04:00-де – фейерверк ұйымдастырған.
Бұл футболшылардың тынығуына кедергі келтіріп, ойын алдындағы көңіл күйіне әсер етуі мүмкін.
Кейбір дереккөздердің мәліметінше, тура осындай жағдай бір апта бұрын Кутаисиде да қайталанған – ол кезде грузин жанкүйерлері "Ордабасы" клубы орналасқан қонақүйдің жанында фейерверк атқан.
Еске салайық, алғашқы кездесу 10 шілдеде Грузияда өтіп, "Торпедо" 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта матч бүгін, 17 шілде күні сағат 21:00-де Шымкентте өтеді. Ойынның тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

