"Төркінге емін-еркін бара аламыз": Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан асқан қыз-келіншектерге кеңес берді
Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы адамның жас ерекшеліктеріне байланысты ой қозғап, қыз-келіншектермен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
Медиа саласының өкілі замандастарына жігер беріп, қанша жасқа келсе де, мойымауға шақырды.
“Баяғыда біреу: “40+ деген өзі бір қызық жас екен. Ойнап-күлейін десең, жас емес сияқтысың, бала табайын десең кеш, немере бағайын десең әлі ерте сияқты. Не істейміз өзі?”, – депті. Бірақ байқайсыз ба, бұл жаста сізді оңайлықпен ешкім алдай алмайды. Төркінге емін-еркін бара аласыз. “Апай, өтіңіз, отырыңыз” деп жастар орын береді. Айта берсең, ұтар тұсымыз көп. Сондықтан қыздар, тек алға! Мойымаймыз!”, – деп жазды тележурналист.
-
"Қайрекең кеткелі жаңартпадым": Ләйлә Сұлтанқызы Швейцариядан әкелген бренд ыдыстарын көрсетті
- "Қайрат қарсы болған": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды
Журналистің оқырмандары түрлі пікір білдіріп, жас кездерін есіне алып жатыр.
“Менің де жолдасым мезгілсіз дүниеден өтті. Орта жаста қалып қойғасын, емін-еркін жүре алмаймыз”, “Әйелдерге арнап курс ашып, тренинг жүргізіңіз”, “Ғашық болайық десек кәрі сияқтымыз, өлейін десең жас сияқтысың”, “40 жасқа келіп, қыз туып отырмын”, “Ең маңыздысы – өзіңді жоғалтпау”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы сүт безінің қатерлі ісігі дертіне алаңдайтынын жазған еді.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады