Торға құлап кеткен зоопарк қызметкері арыстанға жем болды
Мысырдың Эль-Файюм қаласында арыстан хайуанаттар бағының қызметкеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Youm7.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Рexels.com
Арыстан 47 жастағы зоопарк күзетшісіне шабуыл жасады.
“Хайуанаттар бағының қызметкері торға шығып бара жатып тепе-теңдік жоғалтып, арыстанның жанына құлады. Арыстан оған шабуыл жасап, басынан бірнеше рет тістеген”, – делінген хабарламада.
Ер адам алған ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жыртқышқа оқ атты.
Эль-Файюм билігі қайғылы жағдайға байланысты хайуанаттар бағын уақытша жапты. Өз кезегінде Эль-Файюм губернаторы марқұмның отбасына көңіл айтты.
Бұған дейін океанариумда алып балық аниматор болып жұмыс істейтін қызды жеп қоя жаздаған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"