Төреғалидың әкесі отандық продюсерді “атып өлтіремін” деп қорқытқан
Шоу- бизнес саласында он жылдан бері қызмет атқарып жүрген Зарина Мүсілім Төреғалидің әкесі өзін «атып өлтіремін» деп қорқытқанын айтты. Өзі айтқан сөздерін эфирге жібергені үшін Төреәлі мырза қыз балаға осындай ауыр сөз айтқан,- деп жазды”Жұлдыздар әлемі” сайты.
2017 жыл – шоу бизнесті біраз шулатты. Осы саладағы ең шулы бағдарламалардың продюсері болғандықтан, бұл оқиғаларды сіз бәрінен жақсы білесіз.
Әсіресе, жыл соңында орын алған Төреғалидің сахнадағы әрекетті – бұрын-соңды болмаған ажиотаж тудырған сияқты. Төрешті даттаушылардың қатарында сіз де барсыз. Жығылғанға жұдырық па?
Сайып келгенде, бір терінің пұшпағын илеп жүрміз ғой, сондықтан, Төреғалиға жұдырық емес, жанашырмын. Былапыт сөзі үшін, кешірім сұрағанын қаладым.
«Әй, Төреш, кешірім сұра» деп жазсам, ол мән бермес те еді. Өзімен бір сахнада жүрген әріптестерінің айтқаны дұрыс қой. Сондықтан, ағаларға тиістіріп жаздым. «Имидж үшін, бір топты қуып жіберуге дайын еді, «Әр қазағым – жалғызым» деп әдемі пост жазатындар – залдағы мың қазаққа пасық сөз айтылғанда, неге үнсіз?» дедім. Бағлан Әбдірайымов түсінді.
«Ninety one» тобына қарсы шыққандардың бірі сол еді. «Құлақтағы сырғаларыңды шешпесеңдер, еркекше сөйлесеміз» деді ол. Төреғалиға да бірден: «Кешірім сұра» деп ұрысып алды. Боксер ғой, тәтті сөйлей алмайды, турасын айтады. Төреғалидің бұлай деп еркінсінгені бірінші рет болып тұрған жоқ.
Шымкенттік әріптесіме де дөрекі жауап қайтарғанын көрдік. Ол қыздың әлеуметтік желіде жақтастары болмай, жабулы қазан сол күйінде қайнап тұр әлі. Жарайды, журналистер өздері үшін тұра алады ғой, ақпарат қаруы – қолымызда. Халық ше? Төреғалиді жақтаушылар: «әлгі ағаның өзі кінәлі, кішкентай балалармен сахнада суретке түсе бергені үшін, Төрешті жазғырған» деп жатыр. Сол жерде Қайрат Нұртас болса: «аға, келіңіз сізбен де суретке түсейін» – деп, мәселені басқаша шешер еді. Неше күннен бері осы сөз жазылған түрлі суреттер шығып, түрлі әзілдер айтылып жатыр. Төреғали бұл сөзді брендке айналдырды.
Ал, журналистер ол туралы бағдарлама жазғанда, есімі Төре деп басталғандықтан, төрімізден орын алған әнші Төреш деп ойнатады сөздерін. «Төре бала» дейміз оны. Бұлай деп, жеңгелер тек сыйлы, құрметті қайныларына ат қойған.
Біреулер бұл видеоны монтаж деп шулады. Телевизия саласында он жыл жүрген адамға монтаж деген өтіріктері өтпейді.Демек, Төреғалидің бұл сөзіне таң қалмадыңыз ғой?
Таң қалмадым. Екі жыл бұрын, Төреғалидің әкесімен ұрысып қалған едім. Ол: «Еркені танытқан Төреғали» деп сұхбат беріп, соңы дауға ұласқан. Сол сұхбатымды неге шығарасың деп, маған телефон шалып, аузына келгенін айтқан-ды.
Берген өзі, Еркенің абыройын түсір деп қинағамыз жоқ. «Мен сені атып өлтірем, жоқ қылам, Қазақстанда жүргізбей қоям» деп уәде етті. Өзгелерге айтқанымда, көзіне жас алғандар болды. Емізулі сәбиім бар еді, сүтім тартылып қалды.
Сенесіз бе? Қателігім сол, диктофонды қоспаппын. Тек жылап тұра беріппін. Маған, қаршадай келіншекке солай сөйлеген адамның баласы былапыт айтты дегенге таң қалмауым – осыдан шығар?!
Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев
Оқи отырыңыз:
Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді
Депутат: заңгерлер жұмыс істесе, қаржы қайтарылуы тиіс
Қазақстандағы ең көп пара алатын мемлекеттік органдар белгілі болды
Өзбекстан Қазақстанға 143 млн доллар қарызын өтеді