Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің бетіндегі қалың бояуы тыңдармандарына ұнамай қалды (фото)

Әншінің бетіне қалың бояу жаққан жаңа образы тыңдармандарына ұнамай қалды.

13741031_1568245700144763_72243080_n

Фото: instagram.com/toregal=ruitoreali/?hl

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Төреғали Төреәлі “Ұлы дала баласы” жобасының аясында Қазақстанды шарлап, әр аймақта концерт қойып жүр. Ол “Үгәй” әнін орындау үшін образын өзгерткен. Аталған образға сай қазақы киім киіп, терісінің түсін де өзгерткен-ді. Оның бетіндегі қалың бояуы жұртқа ұнамай қалды. Бірі әншіні Асылхан Төлеповке ұқсатса, енді бірі жаңа образының өзіне жараспай қалғанын айтып жатыр.

“Бетіңізге бояуды енді аямай жағыпсыз”, “Ұсқынсыз байқұс-ай”, “Сізді танымай қалдық қой”, “Түрін қараңдаршы! Жараспайды мұндай саған”, “Негізі не жарасатын еді оған”, “Асылхан Төлеповке ұқсап қалыпсың ғой” сынды жағымсыз пікірлер білдірген. Мұнымен қатар, Төреғалидың бір концертінде фонограммамен ән айтып, ұятқа қалғанын тілге тиек еткендер де болды.

Осы тұста оны директоры Фариза Серікқызы қорғап алды. “Аузым бар деп артық кетпе… Білмесең көп сөйлеме! Ол талай концерттерін жанды дауыста беріп келе жатыр және ол кезде ауырып жүрген болатын. Сонда да жаман айтып шыққан жоқ. Керсінше қолдаудың орнына мазақ қылып отқаныңа жол болсын”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғалиді айыптаған Бүркіттің өз әні плагиат болып шықты

Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды

Төреғали Төреәлі: Бүгін менің арманым орындалды

Автобуста кондуктор болған Төреғалиді жұрт танымай қалды (видео)

Талқылау