Төреғали Төреәлі: Әйелмен соғыса алмаймын
Төреғали Төреәлі тағы да ауруханаға түсті. Ол қиын жағдайда аман қалғанын жыр шумақтарымен жеткізді. Сондай-ақ, тыңдарманынан өзіне қолдау тіледі.
Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады.
Мен өзі қандаймын?
бермесе алмаймын
Шақырмай бармаймын!
Біреуге күндеймін
Біреуге айдаймын
Біреуге жанашыр
Біреуге жаудаймын,
Ешкімге ақталып
Ештеңе салмаймын,
Сосын мен әйелмен
Соғыса алмаймын!
Тілектес ағайын
Сендермен таудаймын
Сендермен лаулаймын
Сендерсіз жарқырап
Жұлдыздай жанбаймын!
Қолдаушым сен бар да
Қорғаушы ел бар да
Мен әлі қырандай
Көгімде самғаймын!
Қазағым қайғырса
Ай қарап қалмаймын,
Тексізден туғам жоқ
Тегімнен аумаймын!
Еңбектің жолында
Ешқашан талмаймын,
Әнімді барымды
Халқыма арнаймын!
сұрасаң себебін
Өзімді сеземін
Сондықтан сондаймын!!!
Кім пікір жазбай жатыр не деп маған,
жаныма жақын тартып керекті алам.
Ауруxана ішінде ауыр аура
Бөлек әлем, білгенге бөлек ғалам.
Бір қиын жағдайдан аман қалдым
Болмаса больницаға не деп барам?
Күлетіндер бар екен езу тартып
Мен оларға ішімнен ее деп қалам)
Айналайын ағайын жарым ырыс
Жақсы сөз айтыңдаршы демеп маған.
Әуелі Алла Жебеушім содан кейін
Сендердің дұғаларың керек маған! – деп өтінді әнші тыңдарманынан.