Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан қайта табысты
Орынсыз сын айтамыз деп ренжіскен Төреғали мен Ерке қайта табысты.
Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Гәкку арнасы ұйымдастырған концертте “Алло” әнін орындаса да, одан кейін еш жерде бірігіп өнер көрсептеген болатын. Тіпті тыңдармандары мұны жұрт алдындағы жасандылыққа балаған-ды.
Бүгінде араларынан қара мысық жүгіріп өткен Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі қайта табысты. Тағдыр қоспаса да, халық қосып үлгерген жұлдызды жұп ел аралап, дуэт айтып жүр.
Күні кеше екеуі “Ұлы дала баласы” атты реалити шоудың түсіріліміне Қызылорда қаласына бірге барды. Аталған елде бірігіп ән салып, жобаның кезекті санын түсіруге атсалысты.
Ерке Есмахан отандық бағдарламалардың бірінде “Төреғали, келіп қайтадан дуэт айтайық десе, мен қуана келісемін” деген болатын. Әншінің осы тілегі орындалған сияқты. Десе де, кімнің кімнен кешірім сұрағаны әлі күнге дейін белгісіз. Екеуі де бұл мәселеге қатысты тіс жарып ешнәрсе айтпаған.
“Төреш төрелік танытып Еркемен бірге Ордаға келіп қалыпты. Алдындағы концертте Еркені көреміз деп барған жұрт көңілдері түсіп қайтқан болатын. Елге әдемі ән керек. Жұптарың жазымасын” дейді желі қолданушысы. Өзгелері де қуанып, қос жұлдыздың орындауында әсем әндер күтетіндіктерін жеткізді.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғали Төреәлі Еркені сынаймын деп Есентаевадан сөз естіді
Желі қолданушылары Төреғалидің фотосессия кезінде мас болғанын айтты (фото, видео)
Ерке Есмахан: Ұсыныс жасағандар көп, қайсысына шықсам екен
Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)