Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі концертінде Қайрат Нұртас секілді шоу жасамайтын болды

Шоқ болатын, от болатын, сағындырған жиырма бес. Иә. Алтынбек Қоразбаевтың осы әнінің атаымен Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Беспаев концерт өткізген болатын. Бірақ ол осыдан 17 жыл бұрын. Биыл сол әнді жаңартып, “айхай 25” деп елдің сүйікті әншісі Төреғали Төреәлі шығармашылық кешін бермек.

Сурет: Төреғали Төреәлінің жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

Бұрын-соңды бірде-бір артист Республика Сарайында қатарынан бес күн бойы концерт өткізіп көрмепті. Дәл осындай ерекшелікке не түрткі болғанын әншінің өз аузынан естуді шештік. Оның үстіне Төреғали сол кеште халыққа басқа қырынан да танылмақ.  Фонограммасыз өтетін мерейтойлық концертінде тек жаңа әндер шырқалады. Бір қызығы, әнші Төреғали шоу жасап, елді таңқалдырудан аулақпын дейді.

“Жараспайтын, жанаспайтын нәрсені ойластырып, халықты былай істесем таңқалдырамын  шоу жасап жіберемін деген ойлар көп келмейді маған.Себебі, шоу-шоу деп шын өнерді ұмытып бара жатырмыз. Шоуды сиқыршы да жасай алады. Солар бір жарық болмады ғой, неге мынау костьюмін ауыстырмады  сияқты сындарды айтпайды.  Олардың кіршіксіз махаббаты жүздерінен көрініп тұрады”, – дейді ол.

Хит әншінің туған күніне арналған кеші қазан айының 10,11,12,13,14 ші жұлдыздарында Республика Сарайында өтпек.


Жіберіп алмаңыз:

Экс-депутат Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін сынап тастады

Әлішер Кәрімов қалыңдығының қалай сәлем салатынын көрсетіп жұртты шулатты

Камера алдында шешінген Әзімбаева жұртты еліктірді (фото)

Айдана Меденова Луина ұтқан жүлденің өзіне бұйырмағанына өкпелі

Талқылау