Төреғали мен Еркені бірге көрген жұрт өзара қырқысып қалды
Былтыр қатарынан бірнеше дуэт жазып, елді шулатқан Төреғали мен Ерке арадағы түсініспеушіліктен кейін, ұзақ уақыт бір сахнада ән салмады. Продюсерлердің арасындағы дау әншілерге кесірін тигізді. “Аллоның” жалғасы ретінде фильм түсіріледі деп хабарланғаны жұрт есінде. Алайда Төреәлі Төлепов пен Баян Есентаева араз болғаннан кейін, бұл жоспар іске аспады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Десе де, Төреғали мен Еркенің өзі бір-бірлеріне ренжімейтіндерін айтты. Тіпті, бір сұхбатында Ұлы дала баласы Еркемен тағы да бейнебаян түсіретінін мәлімдеді. Алайда әншінің әкесі бұдан хабарсыз болып шықты. Ел алдында “мен рұқсатымды берген жоқпын” деп жар салды.
Уақыт бәріне емші демей ме? Арада бір жылдай уақыт өткен соң, әсем әндерімен елдің жүрегін жаулаған жұп қайта кездесті.
Төреғали желідегі парақшасына Еркемен түскен суретін жүктеп: “Үйренген жау атыспаққа жақсы”, – деп оқырмандардың түсінбестігін туғызды.
Желідегілердің кейбірі Төрештің Еркені “жау” деп атағанын теріс түсінді.
Ал шын мәнінде Төреғали бірге ән айтып үйреніп қалған Еркемен қайта жұмыс істеу оңай болатынын айтқысы келген сыңайлы.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы Санкт-Петербургтан өзінің ескі суреттерін тауып алды (фото)
Асхат Садырбай Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беруді ұсынды
Димаш қатысқан Singer жобасының қазақстандық нұсқасы пайда болды
Баян Есентаева неліктен Ерке Есмаханмен жұмысын тоқтатқанын түсіндірді