Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреәлі Әлиханов: Әйел адаммен сөз таластырғым келмейді

Әнші Төреғали Төреәлі отандық бағдарламалардың бірінде “Ерке менің арқамда танылды” деп пікір білдірген-ді. Әкесі де қоштай түскен бұл сөзге Ерке Есмаханның продюсері Баян Есентаева наразылық танытып, арадағы барлық жұмыстың тоқтауы мүмкін екенін айтқан болатын. Мән-жайдың анық-қанығын Stan.kz тілшісіне Төреғали Төреәлінің директоры Фариза ханым түсіндіріп берді.

новый коллаж

Директордың айтуынша, бұл жерде бір түсінбестік орын алған. “Мен ол кісіге хабарласқанымда “Фариза, мен еркек басыммен әйел адаммен салғыласқым келмейді. Әйел адамды әлем жеңе алмаған. Оның айтқан сөздерін жарияға жар салсам, менің нем қалады. “Ел аузында” бағдарламасы менің сөзімді қиып тастап отыр. Ол жерде “Халық қай жерге барсақ та, Қайраттан озып кеттің, Мейрамбек сияқты болды балаң, Ерке “Аллоның” арқасында танылды деп айтып жатады. Бірақ Мейрамбектің өз жолы бар, Қайраттың өз жолы бар, Төреғалидің өз жолы бар. Ерке 7-8 жылдан бері сахнада жүрсе де, бір хит әні жоқ деп те бізге айтады халық. Біз соның барлығын естіп жүрміз. Халық айтса, демек солай шығар” деп берген болатынмын. Бұл менің пікірім емес, бұл халықтың пікірі” деп шын мәнінде сұхбатты мүлдем басқаша беруге тырысқанын айтып берді. Ал оны Баян әпшеміз түсінбей қалған. Кейін өзі пікірін білдірген”, – деген Фариза ханым журналистерге кәсіби деңгейде жұмыс істеуге кеңес берді.

11950716_902705066474354_1218846665_n

Дәл қазір Төреғали Төреәлі мен Төреәлі Әлиханов гастрөлдік сапарда жүргендіктен, мәселенің анық-қанығын өздері баяндап, сұхбат бере алмай жатқан-ды. Алайда директордың сөзіне сенсек, жақында әнші мен әкесі мәселенің шын мәнінде қалай болғанын баяндап бермек.

Төреғали әкесіне Баян Есентаева ғана шамданған жоқ, Ерке Есмахан да ренжіп, өз ойымен бөлісті.

“Ұлт тәрбиесінде қыздарды аялау, оларға орын ұсынып, ренжітпеуге ерекше көңіл бөлінген. Тіпті, үйге қыз қонаққа келгенде, төрге отырса, бойындағы 40 ырыс сол үйдің төрінде қалады, босағаға жақын отырса, бойындағы 40 қырсықтық сол үйдің босағасында қалады деп сенген. Дәрежесі ерден бір саты төмен тұрса да, қыз құрметтелген, қорғалған. Өйткені, қыз – ана, жар, отанасы, әже, қарындас”, – деп әнші әріптесінің сөздері көңіліне тигенін жеткізді.

01

Ары қарай “Өкінішке орай, қазіргінің кейбір жігіттері, ел ағасы болған “ағалар” қызды “қорғамақ” түгілі, дүйім жұрттың алдында ыңғайыссыз әңгіме айтып жүр. Өнерде қыз бала мен ер баланың жолын салыстыруға еш келмейді. Қыздың жолы қашан да жіңішке әрі ауырлау. Менің де әкем, аға-жезделерім бар, оларды төбеме қойып сыйлаймын, қарсы сөз айта алмаймын. Сондықтан мен бірге ән айтқан әріптесімнің әкесін сыйлаймын, ол туралы артық сөз айтқым келмейді. Бақты да, сорды да беретін тек Алла! Бәріне төрелік ететін де бір Алла!” – деп бұл іске бола көп бас қатырмайтынын жеткізді. Тіпті сөзін Мұқағали Мақатаевтың “Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз” атты өлең шумақтарымен аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаеваның Төреғали Төреәлінің әдепсіз қылығын жұртқа жайғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау