Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Алматы денсаулық сақтау басқармасы тоңазытқыштан табылған қос бүлдіршіннің ағасының әрі қарайғы тағдырының не болатынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170918120237

«Самал» ықшам ауданынан табылған Равиль Волченко есімді бүлдіршін –  ата-анасы айуандықпен өлтірген егіздердің ағасы, тасбауыр ана Алла Волченконың ұлы. Табылған бойда жеткіншек екінші балалар емханасына жеткізілген.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы, денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы Әсел Бисенбаеваның айтуынша, Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері тапқан бала тастанды ретінде тіркелген.

«Денесінде аса ауыр жарақаты жоқ бала үй ауласынан табылды. Ұлты еуропалық, дені сау. Бала айтқанды түсінеді, бірақ сөйлемейді. Психикалық кідіріске шалдыққан. Қазір онымен неврологтар айналысып жатыр, жасы шамамен екіде. Ем қабылдап болған соң оны оңалту терапиясына жібермек ойымыз бар, әзірге құжаттары дайындалып жатыр», – дейді Әсел Бисенбаева.

Мамандардың пікірінше, баланың кеш сөйлеуіне онымен тілдеспеген ата-анасы кінәлі болуы мүмкін.

«Ауруханада ұзақ болмайды. Соттың шешімін күтеміз, мүмкін тергеушінің бақылауымен балаға келіп тұратын туыстары табылып қалар. Әзірге баланы бүлдіршіндер үйіне дайындаймыз», – деп түсіндірді Бисенбаева.

Еске сала кетейік, тоңазытқышқа салынған екі бүлдіршіннің мүрдесі 11 қыркүйек күні Алматыдағы жалдамалы пәтәрлердің бірінен табылды. Дәл сол күні олардың 34 жастағы анасы Алла Волченкоға іздеу салынды. Кешкі уақытта балаларды өлтірген болуы мүмкін деген ер мен әйел қолға түсті.

Талқылау