"Төмен жақты қашан шешесің": Жанар Айжанова кеудесін ашқан Тасованың тас-талқанын шығарды
Жалаңаш төсін көрсетуден ұялмайтын Динагүл Тасованы Жанар Айжанова өз орнына қойды. Бұл туралы Аман Тасығанның Youtube каналында берген ашық сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Модель болуды мүлде армандамағанын, тіпті, ойына кіріп шықпағанын айтқан Динагүл Тасованың бүгінде төсін жалаңаштап сән көрсетіп жүргеніне Жанар Айжанова өз көзқарасын айтты.
"Көбі бұны өнер деп қабылдайды. Мүмкін сен мына жерде өнер деп қабылдаған шығарсың. Бірақ маған тұрпайы болып көрініп тұр. Емшегіңнің ұшы қап-қара екен. Ең болмаса ұшын кішкене жабу керек еді. Бұл дизайнерлерге рейтингті көтеріп алу үшін жақсы.
Сенің жасың 29-да, кәрі қыздардың қатарындасың. Менің көзқарасымда ашылатын-шашылатын жастан кеттің. Тістегеннің аузында, ұстағанның қолында қазақтың қызы болсаң, кете беруге міндетті емессің. Мынаны көргеннен кейін міндетті түрде «уау» деп ана емшекті ұстап көргісі келеді. Бірақ өзіңдікі екеніне сенбей отырмын. Неге саған емшек керек болып қалды?" - деп Айжанова сұрақты төтесінен қойды.
"Өзімнің қалауым, жасатқым келді. Өйткені, бұрынғы кеудем кішкентайлау болды", - деп жауап берді Динагүл Тасова.
Тағы оқыңыз
- Жанар Айжанова қазіргі қайын жұртымен неге араласпайды?
- "Түнде ұйықтаудан қалдым": Динагүл Тасова өмірі үшін алаңдайтынын жеткізді
"Қанша жасқа дейін шешінесің? Жетпіс жасқа дейін шешінесің бе? Төмен жақты қашан шешесің? Төменгі жағын да тура осылай ашып шығатын болса, ол да сен үшін өнер боп тұр ғой? Шешінгенге көбірек төлейтінін білеміз. Тағы да көбірек төлейміз төменгі жағың да ашасың десе, шыға аласың ба? Батылың бара ма?" - деп сұрақтарын бастырмалатып қойған Жанар Айжановаға "мен білмеймін" деп күмілжігеннен басқа Тасова жауап айта алмады.
Осыдан сегіз жыл бұрын анасы мен сіңлісі қайтыс болғанын, әкесі осы уақытқа дейін бір де бір рет қоңырау шалып, мынауың не деп айтпағанын тілге тиек еткен Тасова қиналғанда көмектесе алмаған жақын туыстарының енді өміріне араласпағанын қалайды.
Сондай-ақ, бұлай жалаңаштанып шығуына ақшаның жоқтығы әсер еткен жоқ дейді.
"Мен подиумға ақша үшін шықпаймын. Егер ақша үшін шығатын болсам, маған ұсынысы жасамады емес, көп жер жасады. Маған "PlayBOY"-дан хабарласып: "Келіңіз тырдай жалаңаш шығыңыз. Біз сізді журналға басайық" деді. Мен бас тарттым. Егер мен көшеде, үйде, қоғамдық ортада шешініп жүрсем, онда мүмкін сын тағуға болар ма еді деп ойламын", - деген Динагүлдің пікіріне:
"Өмірде қателеспейтін адам жоқ. Кісі өлтіріп те адам болып жатады. Менің ақылымды тыңдасаң мынаның бәрін таста. Қарап отырмын әдемісің. Оның үстіне қанымда көп ұлттың қаны бар деп отырсың. Осы әдемілігіңді басқаша пайдалан. Өйткені мынау қазір 29 жасыңда жақсы. 39-ға келгенде мынауың өтпейді. Дизайнерлердің айтқанынан көне берме", - деп Жанар Айжанова өз ақылын айтты.