Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ердің бақыты – әйел": Төле би келінін қалай таңдаған

Бүкіл қазаққа төбе би болып билік айтқан Төле би “Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдауға бекінген екен.

Төле би келінін қалай таңдаған

«Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды деген. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел», – деп келінді өзі таңдауға бекінген екен.

Осындай ой құшағында жүрген Төле биді бір күні Түркімен еліне билік айтуға шақырады. Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді.

“Әй, қыздар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғарыдан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтпейік, арасында ер бастаған батыр бар шығар, сол ерге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар, батасын алып, алғысына бөленейік. Атты кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, – дейді Данагүл. Төле би мұны алыстан көріп, қыздарды шақыртады. Данагүлдің бұйрығымен қыздар аттан түсіп, жаяу келіп сәлем береді. Данагүлді сөзге тартып, даналығын байқаған Төле би кейін құда түсіп, өзіне келін еткен екен.

Сол Данагүл өз ауылына сыйлы, ақылды, дана келін ретінде ел есінде жатталып қалған.

 

 

Талқылау