Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Төлешовтің 70 миллион теңге қарызын “Шымкент сыра” зауыты өтейтін болды

Миллиондаған қарызы бар «Шымкент сыра» ЖШС-нің экс-басшысы Тоқтар Төлешов тағы да сот алдында жауап берді. Ақтаулық кәсіпкер Марат Шавалиев 70 миллион теңге берешек болған «сыра патшасына» заң арқылы шағымданды.

08e1031561b7f87b9d80d86323d37583

Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.

Төлешовтің ісі Шымкенттегі аудандық Еңбекші сотында қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, Төлешов сонау 2007 жылы Шавалиевпен пайызсыз қарыз туралы келісімге қол қойған.

Ақтау кәсіпкерінен 100 миллион теңге қарызға алған «сыра патшасы» бұл ақшаны тура бір жылдан кейін қайтаруы керек болған. Ал Төлешов басқаратын «Шымкент сыра» ЖШС қарызға кепілдеме ретінде қойылған.

толешов токтар 310717

Бір жыл ішінде Төлешов Шавалиевқа небәрі 30 миллион теңгесін қайтарып, қалған сомманы кейінірек беруге уәде еткен. Арада біраз уақыт өткенімен, «сыра патшасы» қарызын қайтармапты.

Алайда Төлешов өз міндетінен түбегейлі бас тартпаған. Белгілі бір уақыт өткен сайын ол қарыздың мерзімін ұзарту туралы қосымша келісім-шарттарға қол қойған. Соңғы келісім бойынша Төлешов қарызды биылғы жылдың желтоқсанына дейін өтеуі керек еді.

Қарыздың үлкен бөлігін қайтармаған Төлешовтің түрмеге тоғытылғанын білген соң, Марат Шавалиев қарызды қайтару туралы арыз түсірген. Төлешовтің өзінен бөлек, азаматтық арызда келісімге кепілдеме ретінде қойылған «Шымкент сыра» ЖШС атап көрсетілген.

Сот Шавалиевтің сұранысын қанағаттандырды. Шешімге сәйкес, «Шымкент сыра» ЖШС 70 миллион теңге қарызды Төлешовпен бірге қайтаратын болады.

Негізгі қарыздан бөлек, кәсіпкер Төлешовтен сот шығынын (қорғаушы қызметін қосқанда), Ақтаудан Шымкентке дейінгі ұшақ билетін, қонақ үй ақысы мен мемлекеттік баж салығын өндіріп алуды талап еткен. Ал сот кәсіпкердің бұл талаптарын қанағаттандырды. Ақырында Төлешовтің жалпы берешегі 71 301 817 теңгеге жетті.

Алайда соттың бұл шешімі өтініш бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Айта кететін жайт, бұл Тоқтар Төлешовтің үстінен түсірілген жалғыз арыз емес. Бұдан екі апта бұрын экс-миллиардердің бұрынғы екі жұбайының – Сәуле Сауқымбекова мен Дина Нұралиеваның өтінімі де сот тарапынан қанағаттандырылған болатын. Бұдан өзге, кәсіпкердің екі әйелі – Назия Есенбаева мен Оразкүл Жарабаева, Сауқымбекова мен Нұралиевалар «Шымкент сыра» ЖШС-да бас директордың орынбасары қызметтерін атқарып, айына 2 287 000 теңге көлемінде жалақы алып отырды. Мекеме басшысы мен олардың ортақ күйеуі ұсталғаннан кейін, олар бұл қызметтен түсіп қалды.

Сот ісі арыз берушілердің жеке өміріне қатысты болғандықтан, оның шешімі жария етілмеді. Бір анығы, екі арыз бойынша шыққан шешім заңдық күшіне енген.

Ирина Галушко

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тура жол бойында көкпар тартқандар көліктегілердің зәресін ұшырды (видео)

ЯК-12 ұшқышының туысы: Мәйіттер адам танымастай болып жанғанша, адамдар тек видеоға түсіріп тұрды

Қазақстандық нумеролог 7 санының құдіреті туралы айтып берді

Алматыда тура жол бойында көкпар тартқандар көліктегілердің зәресін ұшырды (видео)

Талқылау