Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Тоқтар Төлешовке тиесілі болған Мәдениет үйінің орнына келер жылы Жастар сарайы салынбақ

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков сүрілген Мәдениет үйінің орнына Жастар үйі салынатынын мәлімдеді. Құрылыс жұмыстары ақпанда басталмақ. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фосфорник

Фото: Шымкент әкімдігі

Әкімнің сөзінше, ғимарат сейсмикалық және техникалық талаптарға сай келмегендіктен сүрілген. 

"Біз уәде етілгеннің барлығын орындаймыз. Үш рет сейсмоберіктік пен техникалық тексеріс жүргіздік. Бұрынғы ғимараттың орны толық тазаланды, ақпанда құрылыс басталады. Жоба демеушілік қаржы есебінен салынады", – деді әкім. 

"Фосфорник" мәдениет үйі соңғы бір жыл бойына бос тұрған. 2023 жылдың қарашсында ғимараттың Жастар сарайы болып қайта құрылатыны белгілі болды. 

Еске салайық, ғимарат "Дархан групп" ЖШС жеке меншігінде болған. Оның құрылтайшыларының бірі – “сыра патшасы” атанған Тоқтар Төлешов. 2016 жылға дейін мұнда балалар клубтары жұмыс істеді. Бірақ Төлешовке қатысты үкім шыққаннан кейін ғимарат пен оның маңындағы аумақ тәркіленді, бірақ әкімдік мүлікті өз балансына қабылдамады.

“Дархан групп” мәдениет үйі сыра зауытына бес жыл ішінде 1,8 миллиард теңге қарыз болғанын мәлімдеді. Содан бері ғимарат қараусыз қалған.

Талқылау