Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керемет сезімде жүрмін: Тоқтар Серіков отбасылық қуанышымен бөлісті

Жақында төртінші мәрте әке атануға дайындалып жүрген Тоқтар Серіков отбасылық қуанышымен бөлісті. Әнші жұбайы Бейбіттің ай-күні жақындап қалғанын, соған орай қатты толқып жүргенін айтты. Сондай-ақ, үйдегі үш атұстарының жетістіктері мен тәтті қылықтары туралы Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне баяндап берді.

Тоқтар Серіков отбасылық қуанышымен бөлісті

“Құдай қаласа үлкен қуаныш күтіп отырмыз. Кішкентайлы болсақ деп отырмыз. Бейбіттің айы, күні жетіп отыр. Сондықтан көбінесе сыртқа шыға бермейді. Осы айдың соңы не келесі айдың басы боп қалуы керек”, – дейді Серіков.

Өнер иесі болашақ сәбиінің жынысын білмейді. Алдын ала болжағысы да жоқ. Қазір ол жарымның жаны аман қалып, перзентімді бауырыма бассам деген тілекте жүр.

“Алла нәсіп қылса. Ешқандай тексерулер жасаған жоқпыз. Мүмкін Бейбіт өзі маған айтпай жасаған шығар. Кім болса да, 12 мүшесі бүтін Алла Тағала перзент берсе деп отырмыз”, – дейді әнші.

Бұдан өзге, Тоқтар Серіков тұңғышының мектептегі жетістіктері мен егіз ұлдарының тәтті қылығы жайлы баяндады.

“Әлхамдулиллах, ұлдарым шапқылап жүр. Беколжас 5-сыныпта оқиды. Үздік оқушы, мектептің мақтанышы. Біздің атымызды пайдаланып жүрген жоқ. Қай мұғалімі болса да, Беколжасты сондай риясыз жақсы көріп, мақтайды. Соған қуаныштымын. Дүниедегі ең бақытты сәттердің бірі – балаңды ұстазы мақтап, мақтан тұтатын болса – ол ата-анаға керемет мақтан екен. Мен қазір сондай керемет жағдайда жүрмін.

Егіздерім әлі кішкентай, 3 жасқа енді келеді. Құдай тіл-көзден сақтасын, екеуі ерке. Балабақшаға барады. Екеуі де бұзық, қызық. Сыртқа шықсам, соларға тартылып тұрам, сағынып тұрам. Өздерінің ерекше иісі бар. Әкелік махаббатымды осы екеуі одан сайын арттыра түсуде. Төртіншісі қыз ба, ұл ма, Құдай білсін, бірақ қатты күтудемін”, – деп ағынан жарылды Тоқтар Серіков.

Еске сала кетейік, бұған дейін Серіков фильм түсірген Төреғали мен Еркеге қолдау білдірген болатын.

Дайындаған Назгүл Әбушәріпқызы

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау