Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: Өлсем өлермін, бірақ вакцинаны өзіме де, балаларыма да салдырмаймын

Елімізде вакцинацияға 50 млрд теңге жұмсалды. 10 миллион адамға екпе салу жоспарланған. Бұл ретте Тоқтар Серіков вакцинадан мүлде бас тартып отыр. Ал өзге отандық шоу-бизнес өкілдері салдыра ма?

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші Тоқтар Серіков екпе салудан үзілді-кесіді бас тартты. 

"Мен Алла берген өмірді сүремін. Өлсем өлермін, бірақ өзіме де, балаларыма да салдырмаймын", - деді әнші.

Ал Өмірқұл Айниязов екпе салуды құптайды.

"Егер ешқандай шағым болмаса, халық тарапынан мін айтылмаса, екпені салдырамын. Себебі вирус ауада жүргендіктен оны кез келген жерде жұқтыруымыз мүмкін. Базардан немесе автобустан, үйге келген қонақтан жұқтырып алуымыз мүмкін", - деді Айниязов. 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 70 жастан асқан Ұлжан Айнақұлова әзірге екпе салуды ойламайды. 



"Жастар салдыратын шығар. Олардың ағзасы көтереді. Ал 60 жастан асқандар сақтанамыз. Мен әзір екпе алам деп айта алмаймын. Халықтың жағдайы қалай болады, соған қараймын. Егер шағым болмаса, салдырамыз", - деді Ұлжан Айнақұлова.

Ал рэпер Жан Ахмадиев шенеуніктер мен әншілер екпе алуы керек деп санайды.

"Ел басында отырған шенеуніктер мен халық арасында жүрген әншілер екпе алуы керек. Себебі, барлық істе көш бастап жүр ғой. Шетелге көшуге шақырды, ауру жоқ деген сияқты мәселелерді көтерді. Енді екпеге де ат салысып, көш бастап берсін", - деді рэпер. 

Талқылау