Тоқтар Серіков әйеліне қымбат сыйлық сыйлады

Әнші Тоқтар Серіков әйелі Бейбіт Сейдуалиеваға автокөлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында жариялады.
"Аллаға шүкір! Жан жарымның сыйлығы. Рахмет! +1 гараж", – деп жазды Бейбіт Сейдуалиева.
Өнер иесінің арт-директоры Берік Бірлік те қуанышты жаңалықты бөлісті.
“Асыл жеңгем, тұлпарыңыз құтты болсын! Бізге де ағамыз секілді көлік сыйлап жатайық”, – деді көмекшісі.
Еске салайық, Тоқтар Серіков шағын тойларға шығатын гонорарын жасырмаған еді.
“Алматы қаласында өтетін тұсаукесер, құдалық деген тойларға 1 миллон 500 мың теңгеге барады. Бейбіт жеңгеміз жалғыз өзі басқа қалаларға шықпайды. Тоқтар аға міндетті түрде еріп барады. Ол кезде баға – 2 миллион 500 мың теңге болады. Жеңгеміз қыз ұзатып, келін кіргізіп береді. Екі рет сахнаға шығып, 5-6 ән айтады. Тоқтар аға осы күнге дейін талай баланың тұсауын кесіп жүр. Қаламақысынан бөлек тұсау кескені үшін ақы алмайды. Кейбір адамдардың алатынын естідік. Бұл бағаға жатын-орын, қонақүй, әуе билеті кірмейді”, – деді жұлдызды жұптың арт директоры.
@toktar_beibyt Аллаға шүкір!🤲 Жан жарымның сыйлығы😍рахмет❤️ +1 граж 🥰 #подарок #мужа #рахмет ♬ Outside (feat. Ellie Goulding) - Calvin Harris
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?