Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Токиода күй шерткен жапон жігіті қазақстандықтарды тамсандырды (видео)

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде тараған видеода жапон жігітінің Жапония астанасы Токио көшесінде домбырамен күй орындап тұрған сәті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл көріністі кездейсоқ көзі шалып қалған қазақстандық азамат бейнежазбаға түсіріп, елмен бөліскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Көшеде келе жатып, домбыраның үнін естідім! Мұндай сәтті түсімде көрсем де сенбес едім", – деді видеоны түсіріп тұрған eleke_01 есімді азамат.

Ол күй шертіп тұрған музыкантқа жақындап, домбыраны қайдан үйренгенін сұрағанда, жапон азаматы алғаш бұл аспаппен Ыстамбұлда танысқанын айтып берді.

"Ыстамбұлда бір қазақ азаматымен жолығып, ол маған домбыра тартуды үйретті. Кейіннен Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда оқыған Тұрысбек мырзамен танысып, өнерімді шыңдадым. Кейін өз бетімше нотамен жұмыс істеп, үйренуді жалғастырдым", – деді жапон жігіті.

Қазақтың ұлттық аспабына ерекше ықылас танытып, оны шебер меңгерген шетелдік музыканттың өнері көпшіліктің ықыласына бөленді. Желі қолданушылары бұл оқиғаны Қазақстан мәдениетінің шекарадан асып, әлемге таралып жатқанын көрсететін жарқын мысал ретінде бағалады.


"Табиғатты көремін бе деп келіп едім, адам жанының сұлулығына куә болдым": Қытай қызы қазақстандық полицейлерге ризашылығын білдірді (видео)


"Қазақша "рақмет" деп айтасыз": Алматы базарындағы оқушы филиппиндік блогерді таңғалдырды


Еске салайық, бұған дейін домбыраның құлағында ойнаған Чили азаматы көпшілікті таңғалдырғанын жазған едік. Өнер иесінің сөзінше, халық әртісі Димаш Құдайберген ұлттық аспапты үйренуге себепкер болған. Айта кетейік, 30 жастағы Андреа Сантьяго қаласының тұрғыны. Ауруханада мейірбике болып жұмыс істейді. Музыкаға жаны жақын Андреа гитара, укулели, фортепианода ойнайды. Ал домбыраны өз бетінше үйренген. Қос ішекті аспапқа Димаш Құдайбергеннің өнерін көргеннен кейін қызыққанын айтады. 

 

STAN.KZ
Жексенбі, 11 Мамыр, 2025 11:22
Талқылау