Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашылады

ұшақФото: facebook.com/airastana

2026 жылы наурыз айында Air Astana әуе компаниясы Токио – Алматы бағыты бойынша тікелей рейсі ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа әуе қатынасы алғашқы жылдың өзінде Жапониядан 7 мыңға дейін турист қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат Токионың жетекші туроператорлары мен қазақстандық туристік индустрия өкілдерінің кездесуінде белгілі болды.

Кездесуге мәдени, табиғи, премиум және MICE бағыттарында жұмыс істейтін Токионың 10 ірі туроператоры қатысты.

Тараптар бірлескен туристік жобаларды, бағыттарды насихаттау жоспарын және Алматыдағы жапон туристері үшін "Шығыстың баурап алатын орталығы" ретінде имиджін қалыптастыру мүмкіндігін талқылады.

Әсіресе, жапондықтар Тянь-Шань таулары, "Шымбұлақ" курорты, Шарын шатқалы сынды Алматының табиғи көрікті жерлері мен ұлттық ас мәзіріне ерекше қызығушылық танытты.

Жаңа рейс Қазақстан мен Жапония арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ туризмді дамытуға серпін береді.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 21 Қазан, 2025 16:51
Талқылау