Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоқал алар едім": Әйелі өзінен 14 жас кіші Еркін Нұржанов екінші рет отбасын құруға қарсы емес екенін жеткізді

Әйелі өзінен 14 жас кіші Еркін Нұржанов екінші рет отбасын құруға қарсы емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Өзінен 14 жас кіші қызды жар еткен әнші көп әйел алуға қарсы емес екенін жасырмады. Алайда нәпсінің қалауын орындау үшін емес, жетім мен жесірді азайту үшін тоқал алуға болады дейді ол. Осындай жағдайда бірнеше рет шаңырақ құруға қарсылық танытпайтынын айтты әнші.

"Жетімді жылатпаған, жесірді қаңғыртпаған қазақпыз ғой. Өкінішке орай жесірлеріміз көп. Сол жалғызбасты ананың балаларына жаны ашып, жетім-жесірді азайтайын деп, Алла разылығы үшін алып жатса қарсы емеспін", - дейді Еркін Нұржанов.

Ондай жағдайда тіпті әйелінен рұқсат та сұрамай, тек ескерту жасаймын дейді өнер иесі. Осылайша Еркін Нұржанов қоғамдағы жағдайға бей-жай қарамайтынын айтты.

"Өзімнің басыма түссе тоқал алар едім. Ал нәпсіге салынып, 16 жасар қыз болса онда қарсымын. Ол кісінің пікірі 200% белгілі ғой. Сондықтан оған тек ескерткен дұрыс шығар деп ойлаймын", - дейді Еркін Нұржанов.

Талқылау