Тоқаевтың шақыруымен: Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
27 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: AP
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады”, – делінген хабарламада.
Путин АЭС мәселесі бойынша Қазақстанға келе ме — Энергетика министрі қауесетке жауап берді
Айта кетейік, 28 қараша күні Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады деп жоспарланған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстан билігінің Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарын күтіп отырғанын және онымен бірқатар жобаларды талқылауға үмітті екенін мәлімдеген еді.