Тоқаевты Тәжікстан президенті мен халқы әуежайдан сән-салтанатпен қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Президентті Душанбе әуежайында Эмомали Рахмон қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Фото: Ақорда
- Қызмет барысында ауыр жараланып, 6 жыл бойы төсекке таңылған әскери қызметкер Тоқаевтан көмек сұрады

Фото: Ақорда
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Осылайша Тоқаевтың Жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.