Тоқаевпен кездесуге Назарбаевтың күйеу баласының да барғаны белгілі болды
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың 21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнес өкілдерімен өткен кездесуіне қатысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың президентпен өткен кездесуге қатысқаны туралы фото Sputnik Қазақстанның Тelegram арнасында пайда болды.
Айта кетсек, Тимур Құлыбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы Динара Құлыбаеваның күйеуі.
Ол бұған дейін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кеткен болатын. Бірақ Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қалды.
Бұған дейін Назарбаевтың күйеу балалары Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов “QazaqGaz” және "ҚазТрансОйл" ұлттық компанияларының басқарма төрағалары қызметінен кеткені жайлы айтылған еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін