Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жерінің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

Мемлекет басшысы Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен болған кездесуде жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым!» - дейді Тоқаев. 

Еске сала кетсек, 2016 жылы Қазақстанда, шетелдік азаматтарға жерді жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту туралы Жер кодексінің нормалары талқыланғанған еді. Сол кезде бірқатар өңірде тұрғындар шеруге шығып, наразылық танытты. Осыған байланысты 2021 жылға дейін мораторий енгізілген-ді.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр