Тоқаев желідегі видеодан соң басы дауға қалған вице-министрді қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Махамбет Абисатовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», - делінеді хабарламада.
Абисатовтың орнына Қызылорда облысында полиция департаментінің басшысы болған Арыстанғали Заппаров тағайындалды.
Еске сала кетсек, бұған дейін желіде даулы видеожазба тарап, онда видеоның Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жиналысында түсірілгені жазылған еді. Оның титрында жиналысқа қатысушылардың бірінің даусы вице-министр Махамбет Абисатовқа тиесілі екені жазылған. Ер адам қызметкерлерге бейәдеп сөздер айтқан.
Артынша аудиожазба бойынша Абисатовқа қатысты тексеріс басталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев фоноскопиялық және филологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.
Талқылау
"16 жерінен пышақтап, сойып тастаған": Алматы облысында әкесі 15 жастағы қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді
Әйелі – бухгалтер, ал күйеуі – қасапшы болып, бұрындары жұмыс істеген
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады
Заңгер тұрғын үйдегі ақауларды мүмкіндігінше ертерек құжат жүзінде тіркеудің маңызын атап өтті