Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев жас ақын-жазушыларды марапаттады

қаламгерлерФото: Қаламгерлердің желідегі парақшасынан / Аслан Тілегенов, Саян Есжан, Арман Әлменбет

Мемлекет басшысының 2025 жылға арналған Жарлығына сәйкес, қазақстандық жас қаламгерлерге Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталды. Биыл бұл сыйлық проза, поэзия, драматургия және балалар әдебиеті номинациялары бойынша үздік деп танылған төрт жас авторға берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы "2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы" Жарлыққа қол қойды.

Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:

  • "Проза" номинациясы бойынша "Тергеуші" туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
  • "Поэзия" номинациясы бойынша "Құмдағы хикая" өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
  • "Драматургия" номинациясы бойынша "Ақ киіз" драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
  • "Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Жазда атамның ауылында..." өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова “Жылдың үздік боксшысы” атағына үміткер атанды


Астанада Есілге батып бара жатқан адамды құтқарған тұрғын марапатталды


Еске салайық, бұған дейін Грэмми сыйлығының иегері Иманбек "Құрмет" орденімен марапатталғанын жазған едік. Премьер-министр орынбасары – мәдениет және ақпарат министр Аида Балаеваның мәліметінше, Мемлекет Басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталғанда елден тыс жерде болып, наградаларын уақытында ала алмаған азаматтарға сыйлығы енді табысталған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 10:11