Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ сапар аясында президент "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаевтың іссапармен Жапонияға баратыны туралы жазған едік.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен