Мемлекет басшысы жалған вакцинация паспорттарын жасағандарға қатаң жаза қолдануды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған вакцинация паспортын жасап жатқандарға жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Иммундау процесін баяулататын тағы бір өзекті мәселе – вакцинацияның жалған төлқұжаттары. Мұндай кері әсерін тигізетін әрекеттерді жедел түрде ауыздықтау маңызды. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр, оны соңына дейін жалғастыру керек”, – дейді Тоқаев.
Мемлекет басшысы жалған вакцинация төлқұжатын жасауға қатысты жұмысты тоқтатпауды тапсырды.
“Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтерген болатынмын. Бұл жерде елдің ұлттық қауіпсіздігі мәселесі қозғалып отыр”, – дейді Тоқаев.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі