Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп балалы аналарымыз заңсыз ереуілдерге шығып, қоғамдық тәртіпті бұзып отыр": Тоқаев заңсыз митингтерге байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастыратын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз "Бейбіт жиналыстар туралы" заң қабылдадық. Кім не десе де, бұл – демократияны дамыту жолындағы маңызды қадам. Бейбіт жиналыстар мен демонстрацияларға ешкім де кедергі келтірмейді. Заңда барлығы жазылған. Наразылық акцияларына шықпас бұрын ресми түрде рұқсат алу қажет. Бұл жиналыстар, демонстрациялар хабарландыру режимінде де өткізіле алады. Дегенмен осындай болмашы талапты кейбір азаматтар бұзуға болады деп есептейді. Осындай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін. Бас прокуртураның міндеті – азаматтарымызға осы заңды түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті, заңнамамызға сәйкес қолдау", – деді мемлекет басшысы.

Бұған қоса, президент көп балалы аналардың наразылық шараларын жиі ұйымдастыратын сөз етті. 

"Шын мәнінде, ана дегеніміз – отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Оны бәріміз де білеміз. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Сонымен қатар аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінуі керек. Кейбір көп балалы аналарымыз заңсыз ереуілдерге шығып, айқай-шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзып отыр", – деді Тоқаев.


Орыс тілін ана тілімен қатар меңгеру қажет – Тоқаев

Талқылау