Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық ұланға жаңа бас қолбасшы тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан құрылымдық күштерінің лауазымды тұлғалары тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Ал Еркін Советбекұлы Ботақанов ішкі істер министрінің орынбасары – ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", – деді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Аңсаған Балтабеков 2002-2017 жылдары мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарды атқарған.

2017-2019 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек етті.

2019-2022 жылдар аралығында Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

2022 жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылдың мамырында оған Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнайы атағы берілді.

Еске салайық, бұған дейін 16 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары ретінде Әли Алтынбаевты тағайындағанын жаздық. Әли Алтынбаев 2001 жылдан 2020 жылға дейін Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде басшылық қызметтер атқарған. 

Талқылау