Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар бойынша меморандумға қол қойды

Фото: akorda.kz

Тоқаев Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаевтың Вашингтонға сапары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен, сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.

Фото: akorda.kz

“Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын атап өтті”, – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді саяси байланыс орнатқан әрі сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Артынша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан және АҚШ арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.

Ақорданың мәліметінше, Тоқаев пен Дональд Трамптың кездесуі Астана уақытымен сағат 04:00-де өтеді жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа барғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 20:13
Талқылау