Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Реформаны құптаймын": Тоқаев қосылған құн салығы шегін төмендету идеясын қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру туралы ұсынысын қолдады. Отырыста ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин де қанша кәсіпкер қосымша құн салығынын төлейтінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: eacaudit.ru

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық реформасын таныстырды. Реформаға сәйкес қосылған құн салығы (НДС) бойынша шекті соманы 15 миллион теңгеге дейін төмендету жоспарланып отыр. Алайда мөлшерлемені арттыру да жоспарланып отыр. Нақты сомалар парламент депутаттарымен талқыланады.

Министр Серік Жұманғарин Қазақстанда 2,3 миллион тіркелген салық төлеушінің тек 137 700-і қосылған құн салығын төлейтінін айтты. Бұл жалпы санының 6%-ы ғана. Соның ішінде тек 88 мың субъект, яғни 4%-ы қосылған құн салығын нақты төлейді. Ведомство басшысы мұның негізгі себебі қосылған құн салығы бойынша есепке қою шегінің жоғары болуында екенін атап өтті. Қазіргі шегі 78 миллион теңге болса, оны 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды.

Жұманғарин бұл өзгерістің бизнеске айтарлықтай әсер етпейтінін және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымға мүше елдерде шек әлдеқайда төмен, кейбіреуінде нөлдік деңгей екенін айтты. Оның пікірінше, бұл шара қосылған құн салығын шегеру салығына айналдырып, 300 мыңға жуық жаңа салық төлеушіні тіркеуге мүмкіндік береді.

Осы ретте ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық реформасының аясында қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыруды ұсынды.

  • “Ұлттық банктің макроэкономикалық модельдері бойынша есептеулер жүргізілді.
  • Нақты көзқарас қалыптасты, енді сарапшылармен талқылау жүргізіледі.
  • Бұл тек қосылған құн салығы мөлшерлемесін механикалық түрде көтеру емес, салық-бюджет жүйесін жақсартуға бағытталған кешенді шаралар туралы.
  • Мемлекет мәселелерін тек салықты көтеру арқылы шешу қате болар еді.
  • Қосымша құн салығы мөлшерлемесінің өсуіне байланысты бизнестің қосымша шығындары болатыны анық”, – деді министр.

Мемлекет басшысы ұсынысты қолдап, реформаның қажет екенін атап өтті.

"Жұмыс істеңіздер. Реформаның қажет екенін растаймын. Бірақ біз қазір Ұлттық қордан трансферттерді азайту, оның жинақтау функциясын күшейту міндетін қойып отырмыз. Жиналған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттау керек. Осылайша, біз мемлекеттің даму функциясын нығайтамыз. Дегенмен бұл мәселені әлі де жан-жақты талқылау қажет деп ойлаймын," – деді Тоқаев.

Президент еліміздің экономикасын әртараптандыру міндетінің әлі де орындалмағанын, экономиканың Ұлттық қорға тәуелді болып отырғанын айтты.



Еске салайық, бұған дейін 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік салық пен жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын алып тастау жоспарланғанын айтты. Жұманғариннің сөзінше, елде қосылған құн салығы көтерілгендіктен, бизнеске қатысты бірқатар салық өзгерістері енгізілетінін жеткізді. 

Талқылау