Тоқаев үкіметтің былтыр атқарған жұмысын "жақсы" деп бағалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің 2025 жылы атқарған жұмысын жақсы нәтиже деп бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы күрделі сыртқы жағдайларға қарамастан жақсы нәтижеге қол жеткізілгенін айтты.
Мемлекет басшысы қол жеткізілген деңгеймен тоқтап қалуға болмайтынын айтты. Өйткені алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр дейді. Оның сөзінше, экономикалық дамудың жаңа моделіне толық көшу үшін нақты әрі тиімді шешімдер қажет.
Бұл мәселелерге президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында толығырақ тоқталуды жоспарлап отыр.