Тоқаев Трампты президент қызметіне кірісуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне кірісуімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Тоқаев АҚШ-тың 47-президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады.
Ол Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі табысты дамитынына сенім білдірді.
Еске салсақ, Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті ретінде ресми түрде қызметіне кіріскен еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген