Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев тағы қай жерде АЭС салынуы мүмкін екенін айтты

аэс сток

Фото: Istock.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Абай ауданында тағы бір атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев Алматыдағы ядролық физика институтында көп мақсатты ғылыми-зерттеу реакторын құру мүмкіндігін қарастыру керегін мәлімдеді. Ол институт еліміздің жаңа ғылым қаласының өзегі бола алатынын айтты. Бұл ретте президент мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін қарастырып, миллиардтаған жобалардың босқа кетпеуін талап етті.

"Абай ауданында атом электр станциясын салу перспективасын ескере отырып, Курчатов қаласындағы ғылыми қаланың егжей-тегжейлі жоспарын дайындау қажет. Бұл жұмысқа ғылым академиясы, облыс әкімдігі, ұлттық ядролық орталық қатысуы керек. Сонымен бірге ол жерде инженерлік-өндірістік қуаттарды орналастыруға жағдай жасалуы тиіс. Ядролық инфрақұрылымды нығайту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімді тетіктерін әзірлеу қажет", – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев ядролық медицинаның дамуына да тоқталды.

"Алдыңғы қатарлы ядролық технологияларды қолдану ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін, әсіресе онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуді айтарлықтай жақсартады. Үкіметтің мақсаты – отандық радиофармацевтикалық препараттарды дамыту мен енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жетекші клиникалар мен университеттер базасында ядролық медицина орталықтарының желісін құру", – деді Тоқаев.

Еске салайық, 11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау табуға конкурс өткізуді ұсынған еді. Комиссия құрамына Алмасадам Сәтқалиев, оның орынбасары Тимур Жәнтікин, мәжіліс пен сенат депутаттары, журналистер, жазушылар, ғалымдар және блогерлер енді.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 16:04
Талқылау