Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Саран қаласы әкімінің қызметінен кетуі әкімдерге сабақ болу керегін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымы өзінің ерекше бақылауында екенін айтты. Ол жақында Сауран қаласындағы жағдайды еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда/instagram.com/baulykov_yerkin

“Саран қаласы ауа-райының суытуына дайын болмай шықты. Мұндағы үйлер жақында ғана жылу жүйесіне қосылған еді. Кемшілікке жол берген жауапты тұлғалар тиісті жазасын алды. Бұл барлық әкімге сабақ болуы керек. Жылыту маусымына дайын болмау басшылардың өз қызметіне сай келмейтінін көрсетеді”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев биыл ел аумағында энергия көздері мен жылумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін және қоймалардағы отын қоры жеткілікті екенін атап өтті. Десе де жағдайды үнемі бақылауда ұстау керегін айтты.

“Жолдауда бюджет қаржысын тиімді пайдалануға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырғанымды білесіздер. Әлбетте, бюджет саясатында прагматизм қағидаты басты орында болуы керек. Бірақ әлеуметтік шығындардан, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысынан, зейнетақы мен жәрдемақыдан үнемдеуге болмайды. Бұл – менің берік ұстанымым”, – дейді президент.

Тоқаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды есте ұстау керегін ескертті.

“Зейнетақы жүйесінің әлеуетін арттырудың, оны жетілдірудің тәсілдерін табу керек. Дені сау, қажыр-қайраты мол зейнеткерлердің ел дамуына қосып жүрген үлесін ынталандыру маңызды. Орташа өмір сүру жасын біртіндеп ұлғайту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты жетістіктерінің бірі. Бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 75 жастан асты. Осы тұрғыдан алғанда аталған мәселе өзекті бола түседі", – дейді президент.

Талқылау