Тоқаев прокуратура, күштік құрылымның қызметкерлеріне пәтер сыйлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жыл қарсаңында Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев Ақордадағы қызметкерлермен кездесу рәсімінде ел қауіпсіздігі, азаматтардың құқықтары мен тәртіпті сақтау өте маңызды екенін айтты.
“Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда "Заң мен тәртіп" және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңа жыл қарсаңында күштік құрылымның бір топ қызметкерлері баспаналы болды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды