Тоқаев пен Трамп құны 17 миллиард доллардан асатын келісімге қол қойды

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері белгілі болды. Екі ел басшылары құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақ үйдегі кездесуде мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен келуге шақырғаны және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжай көңілі үшін АҚШ президентіне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.
“Америка көшбасшысы жер жүзінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайды”, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін “Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына” (TRIPP) ерекше назар аударды.
Дональд Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті екенін растады. Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.
Әңгімелесу барысында екі тарап ықпалдастықтың кең көлемдегі мәселелері жан-жақты талқылап, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективті бағыттарды нақтылады.
Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.