Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ президенттер Алматыдағы бейресми кездесудің қазақ-өзбек қатынастарын тағы бір пысықтап, бірлескен жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік бергеніне тоқталды.
"Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейту ниетін растады”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Самарқандтағы саммит аясында Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен кездесу өткізген еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"