Тоқаев "орыс тілінің мәртебесі төмендейді" деген пікірлер негізсіз екенін айтты

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы форумда орыс тілінің мәртебесі төмендейді деген пікірлер негізсіз екенін айтып, құжаттың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларының заңдық күші бірдей екенін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің айтуынша, еліміздің аумақтық тұтастығына қауіп төнуі мүмкін деген ақпараттар тарады.
Айтпақшы, жаңа Конституция жобасында орыс тілінің мәртебесін төмендетіп жатыр-мыс деген күңкіл әңгімеге қатысты да осыны айтуға болады. Бұл жайында жазылған мақалаларды оқудың өзі қызық. Стилистикалық және грамматикалық қателерден аяқ алып жүре алмайсың. Жарияланым авторлары орыс тілі үшін қам жейді, бірақ өздері оны дұрыс меңгермеген. Түптеп келгенде, жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде бірдей заңды күшке ие қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық. Осы орайда қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, жаңа Конституцияның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің заңдық күші бірдей. Бұл мәселе қосымша түсіндірмені қажет етпейді.
"Ал шын мәнінде жаңа Конституция мәтінінің қазақ және орыс тілдерінде жариялануы, әрі екі тілдегі нұсқаның да бірдей заңдық күші бар ресми құжат ретінде ұсынылуы көп нәрсені аңғартады. Бұл қосымша түсіндірме мен ақталуды қажет етпейді", – деді президент.
Мемлекет басшысы қазақ тілінің мәртебесіне қатысты негізсіз алаңдаушылықтың қажеті жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тілдің орны нақты көрсетілген.
"Жаңа Конституция жобасында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі" деп нақты жазылған. Бұл ретте ана тіліміз тек көркем әдебиетте ғана емес, еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылады. Ең маңыздысы, жастар арасында қазақша сөйлеу сәнге айналды. Басқаша айтқанда, қазақ тілінің болашағы жарқын", – деді президент.
Сонымен қатар, ол қазақ жастары бірнеше тілді қатар меңгере алатынын атап өтті.
"Қазақ жастары жаңашылдыққа тез бейімделе алуымен ерекшеленеді. Олар қазақша мен орысшаны қоса алғанда, үш-төрт тілді еркін меңгереді. Мұны айналамыздан күнде көріп жүрміз", – деп түсіндірді Тоқаев.
- Ресей елшісі Қазақстанның жаңа Конституциясының орыс тілі үшін маңызына тоқталды
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесі күшейтілді – Жаңа Ата заңдағы 9-бап өзгереді
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда қазақ әндерін қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. Оқиға өткен жылдың соңында қаладағы шаштараздардың бірінде болған. Салон қызметкерлерінің арасында залда қойылатын әндерге байланысты мәселе туындаған. Алмагүл Әлиеваның айтуынша, мекемеде тек орыс, түрік және грузин тіліндегі әндер қосылып жүрген, ал қазақ тіліндегі әндерге орын берілмеген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған