Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев орыс тілін насихаттайтын ұйым құру не үшін қажет екенін түсіндірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД жанынан орыс тілін насихаттайтын ұйым құру идеясы не үшін қажете кенін толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің идеясы Франкофония тәжірибесіне ұқсас халықаралық ұйым құру.

"Біздің идеямыз штаб-пәтері Парижде орналасқан Франкофонияның оң тәжірибесін пайдалана отырып, БҰҰ-на ұқсайтын халықаралық ұйым құру", - деді президент ТМД мемлекет басшыларының шағын құрамдағы отырысында.

Франкофония — француз тілді елдердің халықаралық ұйымы. Ол француз тілін танымал етеді, бейбітшілікті, демократияны және адам құқықтарын, сондай-ақ жоғары білімді, ғылыми зерттеулерді және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев түсіндіргендей, Қазақстанның орыс тілін қолдайтын және ілгерілететін халықаралық құрылым құру туралы ұсынысы ТМД халықтарының одан әрі жақындасуына ықпал етуді көздейді.



"Қазіргі әлемде 300 миллионға жуық адам орыс тілінде сөйлейді. Уақыт өте келе орыс тілінде көп сөйлейтін мемлекеттер өмір сүретініне сенімдімін және мұндай елдер Азия болсын, Еуропа, Латын Америкасы болсын осы халықаралық ұйымға кіре алады. Бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, әріптестеріме осы бастаманы қолдағаны және ұйым қызметінің жалпы принциптерін бекіткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Жалпы көпқырлы саладағы ортақ көзқарастарымыз мемлекет басшыларының бүгін қабылдауды ұсынып отырған мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мәлімдемесінде көрініс тапты", - деді президент.

Талқылау