Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев никаб, балаклава және маскаға тыйым салатын заңға қол қойды

Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы бет-жүзді толық жабатын маскаларға, балаклаваларға және никабтарға тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы бет-жүзді толық жабатын маскаларға, балаклаваларға және никабтарға тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту беріледі. Қайталап жасалған жағдайда 10 АЕК (2026 жылы бұл –  43 250 теңгеге) айыппұл салынады. Діни киімдер, медициналық маскалар, суық мезгілде тағылатын шарфтар, сондай-ақ жұмыс барысында қолданылатын қорғаныш құралдарына тыйым салынбайды. 

Тыйым 12 шілдеден бастап күшіне енген, алайда осыған дейін ескерту мен айыппұл салынбаған. Полиция өкілдерінің айтуынша, өзгерістердің басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда адамның жеке басын, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы жедел анықтау. Құқық қорғау органдары бұл шара діни сенім бостандығын шектеуге бағытталмағанын атап өтті.

Неге тыйым салынады: 

  • балаклава;
  • бет-жүзді толық жабатын маскалар;
  • никаб және жеке тұлғаны тануға кедергі келтіретін өзге де киімдер.

Не рұқсат етіледі:

  • бет-жүзді жаппайтын діни киімдер: хиджаб, шейла, химар, әл-амира және басқалары.


Тыйым қолданылмайтын жағдайлар:

  • суық ауа райында шарф немесе орамалмен бетті жабуға;
  • медициналық көрсетілім бойынша маска тағуға;
  • жұмыс немесе қызмет барысында қорғаныш құралдарын (респиратор, противогаз) қолдануға;
  • спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде (әртістер, аниматорлар үшін) бетті жабуға рұқсат етіледі.

Еске салсақ, 30 желтоқсанда Тоқаев әкімшілік кодексте бірнеше өзгеріске қол қойды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Желтоқсан, 2025 17:08