Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекеттің дамуына айтарлықтай үлес қосты": Тоқаев Назарбаев тұсындағы Конституцияның тарихи рөлін айтты

Фото:  elbasy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанды құру жолында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи миссиясын ұмытпау қажет екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Әділетті Қазақстанды құру барысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін ұмытпау қажет. Тоқаевтың айтуынша, 1995 жылғы Конституция тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

"1995 жылғы Конституцияда негізгі назар мемлекеттік биліктің негіздерін нығайтуға аударылды. Ол кезең үшін бұл орынды шешім болды. Себебі енді ғана тәуелсіздік алған мемлекетке заңнамалық тұрғыдан берік негіз қажет еді", – деді ол барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында.

Президент қолданыстағы Конституцияны сынға алуға болмайтынын атап өтті, өйткені ол мемлекеттің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мемлекет басшысы реформаларды жүзеге асыру барысында елдің тұңғыш президентінің тарихи рөлін ескеру маңызды екенін айтты.

"Біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тарихи миссиясын ұмытпауымыз керек", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар президент жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі адам құқықтарының басымдығы болатынын атап өтті.

"Қазіргі қоғамда “адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін” деген қағида ерекше маңызға ие болды. Сондықтан бұл принцип жаңа Конституция мәтінінің барлық бөлігінде негізгі идея ретінде көрініс табады", – деді ол.

Президенттің жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарына арналған бөлім ең көлемді бөлім болатынын жеткізді. Ол 30 баптан тұрады, бұл бүкіл құжаттың шамамен үштен бірін құрайды.



Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі бар екенін бірнеше рет атап өткен. Оның айтуынша, 1995 жылғы Конституцияны қабылдау елдің саяси жүйесін қалыптастыруға және мемлекеттік институттарды нығайтуға негіз болды.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 12 Наурыз, 2026 14:09